Ғалымдар жүректі алмастыратын құрылғыны ойлап тапты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ғалымдар жүректі алмастыратын құрылғыны ойлап тапты
ашық дереккөз

Адамның жүрегіне ұқсас құрылғының салмағы 4 келі. Ол екі батареямен жұмыс істейді. Құрылғыны электр желісіне қосу қажет болғанға дейін шамамен төрт сағат зарядтауды қамтамасыз етеді. Датчиктер қан қысымын анықтайды және жауап ретінде алгоритм нақты уақыт режимінде қан ағымын бақылайды. "Бұл адамның жүрегі сияқты жұмыс істейді, сондықтан егер пациент жүрсе, қан ағымы артады, ал егер науқас тынышталса, қан ағымы тұрақты және төмен болады", - деді Carmat  компанисының бас директоры Стефан Пиат. «Науқастың қанымен жанасатын бөлшектер жағымсыз реакциялар қаупін азайту үшін адам денесімен үйлесімді материалдан жасалған. Хирургиялық имплантациядан кейін құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді», - дейді Пиат.