Проблемалы «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылысы биыл аяқталады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Проблемалы «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылысы биыл аяқталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211558949101000.webp)
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Проблемалы деп танылған үйлерге барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау құрылыстың қандай қарқынмен жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Құрылысы ұзаққа созылған үйлерде жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр ғана болса, енді бірінде үйдің қаңқасы ғана болды. Кей ғимараттарда бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп, үй сызбасына өзгерістер енгізу қажет болды. Кей үйлерде 5 қабаттың орнына 9 қабат салынып, үлескерлерге сатылды. Бүгін «Фемида» (Абат) және «Берекет» тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Тұрғындармен кездесулерде аталған үйлердің үлескерлері бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын, олардың басым бөлігі шешілді. Инженерлік желілерді қосамыз. Үйлерді жылыту маусымына дайындау қажет. Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Құрылысшыларға қойылатын басты талап – құрылыс жұмыстарын сапалы орындау. Аумақты абаттандырумен айналысу қажет», – деп жазды Алтай Көлгінов.
[caption id="attachment_30329" align="alignnone" width="933"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)