Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді
![Сабина Кәкімжан](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
Бүгін Астана қаласының әкелер одағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ер балалармен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әкелер әртүрлі жағдайда ата-анасының қарауынсыз қалған ұл балалармен ашық сөйлесіп, қоғамдағы ер азаматтың атқаратын рөлі жайында әңгіме өрбітті. Әкелер одағы төрағасының орынбасары Мұхтар Әбдіғаппарұлы «Жігіт сегіз қырлы - бір сырлы болу керек» тақырыбында жасөспірімдерді жеке-жеке сөзге тартып, алдағы уақытта «Әкелер одағы» балаларға жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының әкелер кеңесінің төрағасы Жалғас Хайроллаұлы ұлдармен болашақ мамандықтар жайында сөйлесті. Тәрбиеленушілердің көбі әскери қызметкер болуды армандайтындықтан, оларға қандай нормативті тапсырмарлар мен ережелерді қазірден ұстану қажет екенін айтып өз кеңесін бөлісті.
«Біздің орталықтағы тәрбиешілердің көбі әйел адамдар болғандықтан, ер азаматтардың тәрбиесі ұлдарға жетіспей жатады. Қалалық әкелер одағы алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге ұсыныс білдіріп жатқаны бізді қуантты», - деді орталықтың директоры Индира Әділғазықызы.
Айта кетейік, алдағы уақытта Астана қаласы «Әкелер одағы» мен Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы бірлесіп екі жақты меморандумға отырып, жұмыс істейді. Бүгін балалар әкелермен бірге футбол ойнауға ұсыныс білдіріп, келесі аптада футзалдан екі жақты кездесу өткізеді.
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)
![Жиһаз жасау арқылы миллиондап табыс табуға болады - Joltap бағдарламасы қатысушысы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916095447504374.webp)