Маңғыстау облысында мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс істеген

фото: Freepik
Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған мектеп асханасының жұмысшылары жалған санитарлық құжатпен жұмыс істеген. Бұл туралы прокурорлық тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мұнайлы ауданында № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында 4 адам жалған санитарлық құжаттармен жұмыс жасаған. Заңсыздыққа барған азаматтардың барлығына айыппұл салынды.
«Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды. Қазіргі таңда соттің үкімдері заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:31
Ипотекалық несиелеу көлемі екі есеге артады

Бүгін, 09:12
Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеден астам сомада әлеуметтік төлемдер төленді

16 қазан, 2025
Биыл қазақстандық аналарға 449 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

15 қазан, 2025
Отбасы банк тұрғындардың дербес деректерін жаңарту тәртібін түсіндірді