Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында тұр

11 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында тұр
Фото: freepik.com

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтерілді (88-орын).

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш.

Әлем бойынша орташа балл 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.

«Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.

Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан.