Елорда әкімі бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты
ашық дереккөз

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Имунитетті нығайтып, спортпен тұрақты шұғылданудың қажеттігін жағдайдың өзі көрсетіп берді. Өндіріс, Көктал-2 және Теміржолшылар елді мекендерінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылы тағы бір құрылысты бастаймыз. Бүгін жұмыс уақытына дейін елді мекенде орналасқан бірқатар нысанның құрылыс барысымен таныстым», - деп жазды А.Көлгінов. [caption id="attachment_30087" align="alignnone" width="1080"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption] Көктал-2 елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені орналасқан орталықта спортпен шұғылдануға арналған секциялар, ХҚКО, пошта бөлімшесі, полиция пункті, аға буын өкілдеріне арналған клуб және т.б. болады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. «Көктал-1 елді мекенінде екі мектептің құрылысын жүргіземіз. Біреуі 1 200 орынға есептелсе, екіншісі 500 орындық (қолданыстағы оқу орнының аумағында орналасқан). 2020 жылы барлығы 12 мектеп салып, пайдалануға береміз», - дейді қала әкімі. [caption id="attachment_30090" align="alignnone" width="1080"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]