Оқжетпес көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Оқжетпес көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды
ашық дереккөз

Көлік жүргізушілеріне маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде Қарталы көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 6-20 тамыз аралығында осы учаскедегі қозғалысты жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.