ҰҚК органдарының ардагерлері елордадағы тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай көмек көрсетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҰҚК органдарының ардагерлері елордадағы тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай көмек көрсетті
ашық дереккөз

«ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына 1 миллион сомасына қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Елорда Инфо ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Атап айтқанда, 20 отбасыға, олардың қатарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған  көпбалалы аналар мен толық емес отбасыларға 50 мың теңгеден берілді. РҚБ өкілі Қ. Жұмагелдин кез келген қайырымдылық, әсіресе қазіргі жағдайда, әрбір адамның борышы екенін атап өтті. Қолдау көрген отбасылар ҰҚК ардагерлер ұйымының өкілдеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне жетістіктер тіледі. Бұрын осыған ұқсас көмек мұқтаж және науқас ҰҚК ардагерлеріне көрсетілген болатын.