Елорда мешіттері ауруханаларға медициналық құрылғылар тарту етті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда мешіттері ауруханаларға медициналық құрылғылар тарту етті
ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі елордадағы төрт ауруханаға денедегі сатурация деңгейін анықтайтын медициналық құрылғыларды тарту етті. Бұл туралы Елорда Инфо muslim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Атап өтсек, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен №1 Қалалық аурухана, №2 Перинаталдық орталық, Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығына» жоғарыда аталған медициналық құрылғылар халық игілігі үшін табыс етілді. Дәрігерлердің айтуынша қазіргі уақытта аты жаман аурудың біршама беті қайтқан көрінеді. Десе де қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігінше қол ұшын беріп, қолдау білдіріп жатқан ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне өз алғыстарын айтты.