Ермеков көшесі екі аптаға жартылай жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ермеков көшесі екі аптаға жартылай жабылды
ашық дереккөз

Ермеков көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды. Жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ермеков көшесінде Қарасақал Ерімбет көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол салу жұмыстары жоспарланған", - деп хабарлады қалалық Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 5-20 тамыз аралығында осы учаскедегі көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.