Биыл «Пригородный» елді мекенінде 100 пәтерлік екі әлеуметтік тұрғын үй кешені тапсырылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл «Пригородный» елді мекенінде 100 пәтерлік екі әлеуметтік тұрғын үй кешені тапсырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115668519144177.webp)
Биыл «Пригородный» елді мекенінде 100 пәтерлік екі әлеуметтік тұрғын үй кешені тапсырылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Пригородный» елді мекенінде 100 пәтерлік екі әлеуметтік тұрғын үй кешені салынып жатыр. Бүгін құрылыс барысымен таныстым. Үйлерді биыл тапсырамыз. Оның жанында балабақша, мектеп бар. Шағын ауданда қоғамдық көлік қатынайтын жолдар салынды», - деп жазды А.Көлгінов.
Өткен жылы елді мекенде 800 орындық мектеп және «Аспан» спорт кешені ашылды. Аула алаңдары абаттандырылды.
«Бүгін «Пригородный» елді мекеніндегі бірқатар аудандарды араладым. Тұрғындар жарықтандыру, кәріз жүйесі, жолдарды жөндеу бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Екі ауданда екі ірі аула алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық жастағы тұрғындардың мүдделері ескеріледі: ашық ауада демалу үшін де, тыныш уақыт өткізу үшін де алаңдар болады. Сонымен бірге жарықтандыру, жол салу, кәріз мәселелерін шешу және т.б. бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді елорда әкімі.
[caption id="attachment_28866" align="alignnone" width="1440"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]
Қалада барлығы 280 мың адам тұратын 16 елді мекен бар. Бұл — елорда халқының төрттен бір бөлігі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық елді мекендерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептер, медициналық орталықтар, әлеуметтік тұрғын үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жолдар, канализациялар және т.б. салынады.
[caption id="attachment_28867" align="alignnone" width="1440"]
Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)