Алматы ауданында «Таза Қазақстан» жедел алдын-алу іс-шарасы өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алматы ауданында «Таза Қазақстан» жедел алдын-алу іс-шарасы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115674039875142.webp)
Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, экологияны жақсарту мақсатында "Алматы" ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет бөлімінің қызметкерлері қалалық ТЖД және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, "Таза Қазақстан" жедел алдын-алу іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Табиғат қорғау полициясының инспекторлары және 1 УПП учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Ақбұлақ өзенінің арнасында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында ҚР ӘҚБК 364-бабына сәйкес "Суды пайдалану ережелерін бұзу" талабы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Тыйым салынған құралмен балық аулағаны үшін ҚР ӘҚБК 383-бабы 1-бөлігі "Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу" талабы бойынша азаматтық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл 27 780 теңгені құрайды», делінген хабарламада.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)