Елордалық инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды кереует алынды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды кереует алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211567862204247.webp)
Елордалық инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды кереует алынды. Олар барлық заманауи талаптарға сай, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі №3 көпсалалы қалалық ауруханасының «Рамада Плаза» жұқпалы аурулар стационарындағы науқастар үшін 500 көпфункциялы кереует сатып алды. Кереуеттер дәрі-дәрмек штативтерімен жабдықталған. Пайдалануға өте ыңғайлы және еркін қозғалады. Қазіргі уақытта астанада 4 мыңға жуық төсек-орындық 16 стационар жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті. Олардың ішінде 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, таяу күндері өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат келіп түседі. Жақын күндері қала ауруханалары мен емханаларына тағы 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және т.б. жабдықтар келіп түседі. Сонымен қатар, қаладағы дәріханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін 80 тоннадан астам дәрі-дәрмек түсті. Бұл гуманитарлық жүк саналмайды, дәріханалар желісі дистрибьютерлерінің қаржысы есебінен алынған. Әкімдік тарапынан оларға дәрі-дәрмекті сатып алуға қаржы бөлініп, көлікпен жеткізуге көмек көрсетілуде. Бүгін-ертең қалаға қосымша дәрілер түседі. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)