Сарыарқа ауданында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыарқа ауданында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды
ашық дереккөз

[caption id="attachment_26682" align="alignnone" width="696"] Дереккөз: Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі[/caption]

Сарыарқа ауданының аумағында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл қоғамдық кеңістік Сейфуллин көшесі, 14/1 және 16 мекенжайларының аумағында орналасқан. Бұған дейін бұл жерде екі қабатты ескі әрі апаттық жағдайдағы тұұрғын үйлер болған.

[caption id="attachment_26683" align="alignnone" width="696"] Фото Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]

Апатты үйлер сүрілгеннен кейін биылғы маусым айының басында мұнда абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Аумаққа асфальт пен төсеніш тастар төселіп, жарық беру бағандары орнатылып, гүлзарлар қойылды. Сонымен қатар балалар ойын алаңы мен кіші сәулет формасындағы workout кешен, орындықтар, жұмсақ жиһаздар және қоқыс жәшіктері орнатылды.