Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жұмыстары жүргізілуде

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жұмыстары жүргізілуде
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда дезинсекция жұмыстарының төртінші кезеңі басталды. Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық орындарды өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жұмыстары жалғасуда. 15 шілдеде зиянкестерге қарсы өңдеудің кезекті, төртінші кезеңі басталды. Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова дезинсекция жұмыстары елорданың барлық төрт ауданында бір уақытта басталғанын айтты. «15 күннің ішінде жұмыс бүкіл қала бойынша, оның ішінде шет аймақтарда да жалғасады. Өңдеу кезінде масаларға қарсы «Агран», шыбын-шіркейлерге қарсы «Фаскон» сияқты препараттар қолданылады», – деп түсіндірді Ж.Бескемпірова. Жұмыс масалардың үнемі өсу-көбею орындарында және елорданың айналасындағы барлық су қоймаларында, қорғаныс тосқауылында жүргізілетін болады. Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық аумақтарды – көшелер, саябақтар мен скверлерді өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы осы жазда зиянкестермен күресудің бес кезеңі өтеді.