Елорда дәріханаларына вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер таратылуда
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда дәріханаларына вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер таратылуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115714647755088.webp)
Дистрибьюторлар дәрі-дәрмектерді қала дәріханаларына таратуды қолға алды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Екі күн ішінде қалаға Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге арналған 1 млн 200 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер «Феникс», «Гиппократ», «Цветная», «Максима Фарм», «Частная», «Медилаб», «Салауат», «А-Фарма» және басқа да ірі дәріхана желілеріне бөлінуде. «Қазіргі уақытта клиенттерге дәрі-дәрмектер жөнелтіліп жатыр, кеше түні бойы дайындадық. Таңнан бері 5 газель машинасын жібердік, тағы екі көлікке дәрі-дәрмек тиелуде», – дейді «Inkar» ЖШС директоры Ақмарал Манауова. «Бүгін «Гиппократтан» дәрі-дәрмек сатып алдым. Антибиотиктерден бастап, дәрігер жазып берген дәрінің бәрін алдым. Барлық дәрі-дәрмектер сатылымда тұр, келген адамның ешқайсысы бос қайтқан жоқ. Кезек көп емес, 5-6 адам ғана. Бұл да қуантады», – дейді елордалық зейнеткер. Бұған дейін хабарлағандай, екі күн ішінде елордаға 1,2 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Келген тауарлардың тізімінде шамамен 400 дәрі-дәрмек түрі бар, атап айтсақ: ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және басқалар. Барлық дәрі-дәрмектер қала дәріханаларына бөлінуде. Дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу тұрақты түрде жүргізілетін болады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)