Мониторинг тобы елорда дәріханаларында COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексерді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мониторинг тобы елорда дәріханаларында COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексерді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115709626974732.webp)
Соңғы екі күнде елордаға 1 млн. 200 мың қаптама дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Нұр-Сұлтанға екі жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек келді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б. Барлық дәрі-дәрмектер қала дәріханаларына жеткізіледі. Соңғы екі күнде елордаға 1 млн. 200 мың қаптама дәрі-дәрмек әкелінді. Барлық дәрі-дәрмек қала дәріханаларына таратылады. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады. «Феникс», «Гиппократ», «Цветная», «Максима Фарм», «Частная», «Медилаб», «Салауат», «А-Фарма» және т.б. ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мониторинг тобы аталған дәріханаларда дистрибьюторлар тарататын дәрілердің болуын тексерді. «Рейдтік шара барысында тұрғындар ең көп баратын 15 ірі дәріхана желісі қамтылды. Керек дәрі-дәрмектер қажетті мөлшерде жеткізілiп жатқанымен, сұраныс өте жоғары болғандықтан, олар азаматтар арасында бірден сатылып кетіп жатқаны байқалды. Сондықтан, дәріханалардың көпшілігінде дәрі-дәрмектерді жан басына тарату шектелген. Тұрғындардың көпшілігі дәріханаға кезекте тұрғанда қауіпсіздік шараларын, әлеуметтік қашықтық сақтамауда. Барлық келушілер санитарлық ережені қатаң сақтауы тиіс», – дейді қалалық жастар саясаты басқармасының бөлім башысы Ақұлан Тастемір. Хабарланғандай, елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейді. Дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, азаматтар іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуіне болады. Дәрі-дәрмектің бағасы күмән тудырған жағдайда, dari.kz қосымшасы мен ndda.kz ресми сайты арқылы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сілтеме бойынша adilet.zan.kz тексеруге болады. Үкімет пен елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетуде.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)