«Біз біргеміз» акциясы аясында №6 емханаға медициналық маскалар табыс етілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Біз біргеміз» акциясы аясында №6 емханаға медициналық маскалар табыс етілді
ашық дереккөз

«Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалының «Қазақ Емханасы» бастауыш партия ұйымы Нұр-Сұлтан қаласының 6 - шы емханасының дәрігерлерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо.   Дәрігерлерге «Біз біргеміз» акциясы аясында 1000 дана маска, 1000 дана медициналық қолғап, температура өлшеу құралдары табыс етілді. Аталмыз акцияның мақсаты қиын жағдайда бір - бірімізге қолдау көрсетіп, дәрігерлердің мерейін арттыру болып табылады. Акцияның жаршысы «Қазақ Емханасы» БПҰ басшысы Толқын Ақанұлы болды. Сондай ақ шараға «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан және Нұр-Сұлтан қаласы 6 - шы Емхананың бас дәрігері Динара Байсерікова қатысты. Іс-шара соңында «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхамеджан Болысбек алдағы уақытта да осындай игі бастамалардың орын алатындығын атап өтті.