Биыл елордада 16 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл елордада 16 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115713445457171.webp)
Биыл елордада 16 мектепте жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Биыл 16 мектепті жөндейміз. Қасбетін жаңартып, шатырын жөндеп, терезелер мен едендерді ауыстыру және т.б. қажет. Бүгін бірқатар оқу орындарының, соның ішінде №3 мектеп-гимназияның жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Қабырғаларда жарықтар пайда болды. Мектептің іргетасы отыра бастады. Соның нәтижесінде мектепті су басуда. Биылғы оқу жылының басында бұл мәселелер шешіледі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 16 мектептің 13-інде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бағдарлама бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады. Бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз», - деп жазды А.Көлгінов.
[caption id="attachment_24588" align="alignnone" width="1440"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
«Сонымен қатар, жаңа мектептер салу бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Биыл 20 мың оқушыға арналған 12 мектеп саламыз. Келесі жылы 40 мың орынға есептелген сонша мектеп салынады. Оқу орындарын бірінші кезекте орын тапшылығы бар жерлерде салудамыз. Мектеп құрылысына жекеменшік иелерінен инвестиция тартамыз», - дейді қала әкімі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)