Дәріханаларға рейд: Дәріні белгіленген бағадан қымбатқа сату дерегі анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәріханаларға рейд: Дәріні белгіленген бағадан қымбатқа сату дерегі анықталды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ елордадағы бірқатар дәріханаға рейд жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекенов пен арнайы мониторингтік тобының мүшесі Марат Сатарқұлов бастаған жұмыс тобы алдымен Ғабдуллин көшесі, 12/1 мекенжайындағы дәріханаға барып, ондағы дәрі-дәрмектің бағасын тексерді. [caption id="attachment_24220" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Бұл жерден кейін жұмыс тобы Республика даңғылы, 7 мекенжайындағы дәріханаға ат басын тіреді. Тұрғындардың шағымына сәйкес, мұнда қазіргі кезде сұранысқа ие дәрілердің бірі өз құнынан қымбат бағаға саудаланғаны туралы дерек анықталды. Марат Сатарқұловтың айтуынша, 4 шілде күні азамат ҚР Денсаулық сақтау министрінің қаулысына сәйкес, бағасы 3 378 теңге болуға тиіс амлодимед препаратын 3 705 теңгеге сатып алған. Бұл деректі аталған дәріхананың басшысы Б.Жақсылықова да жоққа шығармады. Тұтынушының дәрі ақысын банктік картамен төлегені де нақтыланды. Сонымен қатар дәріхана басшысы қазіргі уақытта кейбір қажетті дәрілердің сатылымда жоқ екенін тілге тиек етті. Дәрі-дәрмек бағасын себепсіз көтермеу керектігін ескерткен Мирас Шекенов осы дәріханаға қатысты дерек қалалық фарм бақылау ұйымына жіберілетінін жеткізді. [caption id="attachment_24221" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Сондай-ақ жұмыс тобы тұрғындардың шағымы бойынша Алматы көшесі, 13 мекенжайындағы дәріханаға барды. Бұл дәріханада да дәрі белгіленген бағадан қымбатқа сатылған. [caption id="attachment_24223" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Белгілі болғандай, 2 шілде күні кешкі сағат 21.00 шамасында қала тұрғыны цеф-3 препаратының 10 қаптамасын сатып алыпты. Тұтынушы Үкіметтің бекіткен бағасынан аталған дәріханаға 2 500 теңге артық төлеген. Мұны дәріхананың формацефт маманы растады. Оның сөзінше, тұтынушы қайтып келмегендіктен, оған артық ақшасы қайтарылмаған. Бұл дәріхананың да жіберген олқылығы туралы ақпарат фарм бақылау ұйымына жіберілетін болды. [caption id="attachment_24225" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] «Біз дәріханалардағы дәріглер бағасына бақылау жүргіземіз. Дәріханалар Үкімет белгілеген бағадан асырып сатуға құқықтары жоқ. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бағаны себепсіз қымбаттату дерегі тіркеліп отыр. Енді олардың ісімен әрі қарай фарм бақылау ұйымы айналысады. Оларға тіпті лицензиясынан айыру сияқты тиісті жаза қолданылатын болады. Рейдтік жұмыстарды әлі де жалғастыратын боламыз. Егер тұрғындар дәріханалардағы дәрілердің қымбаттағанын байқаса, 109 нөміріне шағымданулары керек», – деді Марат Сатарқұлов тілшілерге берген сұхбатында.