Есіл ауданында 5 қоғамдық орын әзірленуде – аудан әкімдігі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есіл ауданында 5 қоғамдық орын әзірленуде – аудан әкімдігі
ашық дереккөз

Есіл ауданында жарақаттанудан қорғайтын 20 заманауи ойын алаңдары пайда болады, деп хабарлайды Елорда Инфо аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Есіл ауданында 673 көп пәтерлі тұрғын үй кешені бар. Оның ішінде 42 ауланы абаттандыру қажет.

"Осы жазда аудан аумағында жарақаттанудан қорғайтын 20 заманауи ойын алаңдары пайда болады. Оолардың жобалық-сметалық құжаттары қыста алдын-ала дайындалған. Жақында кейбір алаңдар толығымен іске қосылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Есіл ауданында 5 қоғамдық орын әзірленуде. Сонымен қатар елорданың орталық саябағында ұзындығы 3,5 шақырымға жүгіру жолының резеңке жабыны ауыстырылып, йога мен жекпе-жек өнеріне арналған алаң жабдықталды. Мұнда спорт алаңдарында жаттығу орындарының саны көбейтілді. Енді work out жұмыс кешені салынып, стритбол алаңы жабдықталады. Тұрғындардың өтініші бойынша Есіл өзенінің жағалауындағы 12 шақырым төсеніш тастарды ауыстыру бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Сондай-ақ аудандағы ең үлкен саябақтың бірінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жақында Есіл өзенінің жағасындағы саябақта бу және су қондырғылары бар ерекше субұрқақ кешендерін тамашалауға болады", – делінген аудан әкімдігі таратқан ақпаратта.