«Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ» – №2 аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ» – №2 аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы
ашық дереккөз

№2 аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев науқастарды қабылдамай, ауруханаға кіргізбей жатқан видео туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Біріншіден, біз COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастарды емдейтін ауруханалардың қатарына жатпаймыз. Бізге жедел жәрдем індетке шалдыққан науқастарды әкелмейді. Екіншіден, бейне таспада белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ер адамды белгісіз адамдар алып келіп, аурухана алдына тастап кетті. Аурухана қызметкерлеріне ешкім ескерткен жоқ. Науқасты көрген сәтте біз оны ауруханаға кіргізіп, қарауға кірістік. Ер адам мас күйде болды. Ауруханаға жатудан бас тартты. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Көшеде арбада отырған екінші адам да мас күйде болды. Ол да ауруханаға жатудан бас тартты. Туыстары оны алып кетті. Бүгін оны тағы да мас күйінде ауруханаға алып келді. Қазір оған көмек көрсетіліп жатыр. Ол алкогольмен уланды. Анық-қаныған біліп алмай қала тұрғындарын желіде жүрген арандатушы роликтерге сенбеуді сұраймыз. Жалған ақпаратты тарататын авторларға әлеуметтік жауапкершілік туралы ойланып, оны есте сақтағаны жөн. Дәрігер маман ретінде барлық қала тұрғындарының өмірін құтқарып жатырмыз. Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ», - дейді бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев. [video width="464" height="848" mp4="https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/07/WhatsApp-Video-2020-07-08-at-00.02.05.mp4"][/video]