Бүгін №9 емхана базасында отбасылық денсаулық орталығы ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бүгін №9 емхана базасында отбасылық денсаулық орталығы ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211572589478775.webp)
Бүгін қалалық №9 емхана базасында «Аманат» отбасылық денсаулық орталығы ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Отбасылық денсаулық орталығының ашылуына елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.
[caption id="attachment_23632" align="alignnone" width="1024"] Фото: Нұрдәулет Кәкіштегі/Elorda Aqparat[/caption]
Жалпы, отасылық денсаулық орталықтары тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында орналасқан. Мұндай медициналық мекемелерді ашудағы негізгі мақсат – емханалардың жүктемелерін жеңілдету.
«Бұл жоба Нұр-Сұлтанда 2018 жылдан бері қолға алынды. Бүгін №9 емханаға тіркелгендерге арналған отбасылық денсаулық орталығы ашылып отыр. Осы аумақта 17 мың адам тұрады. Олардың 4800-і – балалар. Аталған амбулатория тұрғындардың ем алуға қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Негізі бұл орталық жылдың басында ашылуы керек еді. Алайда пандемияға байланысты қазіргі уақытқа келіп отыр. Өткен жылы дәл осындай 12 амбулатория ашылса, биыл жыл соңына дейін тағы 10 амбулатория ашу жоспарда бар. Мұнымен 50 мың адамды қамту мүмкіндігі болады. Бастысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұсыну. Әр кабинетте науқасқа белгілі бір ем бойынша жолдама беріледі», – деді Бақтияр Мәкен.
Оның сөзінше, мұндай отбасылық денсаулық орталықтары жеке инвестициялар есебінен де жүргізілетін болады.
№9 емхана базасында ашылып отырған «Аманат» отбасылық денсаулық орталығының бас дәрігері Сәуле Смағұлова елорда әкімінің орынбасарын мекеменің жұмысымен таныстырды. Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін қажетті жағдай қарастырылған.
[caption id="attachment_23630" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Нұрдәулет Кәкіштегі/Elorda Aqparat[/caption]
Айта кетсек, аталған отбасылық амбулатория таңғы сағат 08.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін екі ауысымда жұмыс істейді.
[caption id="attachment_23635" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Нұрдәулет Кәкіштегі/Elorda Aqparat[/caption]
Бас дәрігердің айтуынша, мұнда 40-қа жуық медицина маманы жұмыс істейді. Тұрғындарға кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Қазіргі уақытта covid-19 инфекциясы бойынша тест қабылданады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)