Елордада инфекциялық ауруларға арналған қосымша төсек-орындар ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада инфекциялық ауруларға арналған қосымша төсек-орындар ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115784139156496.webp)
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орындарды кеңейту бойынша жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатыр. Рамада Плаза ғимаратында қосымша 500 орын ашылады. Бірінші шілдеде 250 орын ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Өткен аптада 800-ден астам төсек-орын ашылды. 600 орындық №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. Сонымен бірге ұлттық ғылыми медициналық орталық, Қорғаныс министрлігінің госпиталі және ҰОС клиникалық госпиталі базасында төсек-орындар құрылды. Өкпені жасанды желдету аппараттарын, компьютерлік томография, оттегі концентраторларын, ПТР-тестілерді, дәрі-дәрмектерді және т. б. сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)