Елорда күніне арналған барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда күніне арналған барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді
ашық дереккөз

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады. Мысалы «Домбыра күні» шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады. Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.