Тәшенов көшесі 22 тамызға дейін жартылай жабылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тәшенов көшесі 22 тамызға дейін жартылай жабылады
ашық дереккөз

Тәшенов көшесі 1 шілдеден 22 тамызға дейін жартылай жабылады. Аталған учаскеде нөсер кәрізі тартылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Құрылыс-монтаж жұмыстары Жастар шағын ауданында «Тазарту қондырғылары» жобасының аясында нөсер кәрізі желілерін орнатуға байланысты жүргізілетін болады», - деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. «1 шілдеден 22 тамызға дейін Тәшенов көшесі мен Тәшенов тұйығында жол уақытша жабылады», – делінген хабарламада.