Нұр-Сұлтан қаласында полиэтилен пакеттерін жинау эко-акциясы өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласында полиэтилен пакеттерін жинау эко-акциясы өтеді
ашық дереккөз

Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Stop Musor» әлеуметтік жобасы аясында полиэтилен пакеттерін жинауға бағытталған акция  ұйымдастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.   Акция  1-3 шілдеде сағат 11:00-20:00 аралығында Орталық, Ботаникалық және «Жетісу» саябақтарында өткізіледі. Пакеттер таза күйінде ғана қабылданып, олардың санын 20-дан асырғандарға арнайы сыйлықтар бар. Акция Халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне арналып отыр. Өздеріңіз білетіндей, әлемнің көптеген елдерінде бұл күні целофан пакеттерді пайдаланудан толығымен бас тарту ұсынылған. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындарын экологиялық мәселелерді шешуге белсенді болуға және өз үлестерін қосуға шақырады. Екі күндік экологиялық акцияның қорытындысы ретінде шілде айының екінші жартысында, қазақстандық заманауи суретші Сәуле Сүлейменова жиналған пакеттерден көркем дүние жасап шығарады. Кескіндеме «Жетісу» саябағындағы Шарын шатқалы жартасының қасына қойылады. Stop Musor Жобасы халықтың білімі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл осындай тәрбиелік мәні зор жоба.