Елордадағы бірқатар тұрғын үйдің жеделсатылары ауыстырылып жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы бірқатар тұрғын үйдің жеделсатылары ауыстырылып жатыр
ашық дереккөз

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында елордадағы бірқатар тұрғын үйдің жеделсатылары ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо Байқоңыр ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. "М. Ғабдуллин көшесі, 11 мекенжайындағы лифттерді ауыстыру жұмысы аяқталды.⁣⁣⠀Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру аясында Абай даңғылы, 80/1, 80/2, 92/1, 101, Егемен Қазақстан көшесі, 11, А.Пушкин көшесі, 7, А.Жұбанов көшесі, 1,3,3/1,3/2 мекен-жайлары бойынша 9 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырларын, қасбеттерін, кіреберістерін және инженерлік желілері мен лифт жабдықтарын ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. ⁣⁣⠀