Елордада коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерге медициналық көмек қай жерде көрсетіледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерге медициналық көмек қай жерде көрсетіледі
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавиру инфекциясы өршіп тұрған уақытта жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмек жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жүкті әйелдерге медициналық көмек 360 төсектік 2 перинаталдық орталықта көрсетіледі. Сонымен қатар коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерге 185 төсектегі №2 перинаталдық орталық негізінде медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, балалар ауруханалары бұрынғы режимде толық жұмыс істейтінін атап өткен жөн», - деді басқарма басшысы.