Елордадағы Жұмыспен қамту орталығының жұмысы онлайн режиміне ауысты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы Жұмыспен қамту орталығының жұмысы онлайн режиміне ауысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211580478810279.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында елордадағы Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі, 25 ) мен «Жанұя» орталығында (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызмет түрлерін ХЖҚО 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электрондық пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Қызмет алу үшін: 1) 57-88-88 нөміріне қоңырау шалу; 2) қажетті қызмет санын таңдау; 3) маманмен байланысу қажет. Қызмет түрлері туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның facebook (@cz.astana.kz) және instagram: (@czn_astana) әлеуметтік желілерінде қол жетімді. Барлық азаматтарға 57-88-88 Call-орталық нөмірі арқылы онлайн режимінде хабарласуды сұраймыз", – делінген хабарламада.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)