Шақыртудың 5 пайызына кешігіп барды – елордалық жедел жәрдем станциясының басшысы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Шақыртудың 5 пайызына кешігіп барды – елордалық жедел жәрдем станциясының басшысы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115811342538774.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев жедел жәрдемнің шақыртуға кешігіп бару себебін түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Шақырту саны 2-2.5 есеге көбейді. Кейбір шақыртуға бригадалардың кешігіп барғанын жасырмаймын. Кешігу көрсеткіші 5 пайызды құрайды. Бұл аса кемшілік емес. Әрине, әр елорда тұрғынының жедел жәрдемнің тез арада жеткенін қалайтынын түсінемін. Бірақ бізде жедел жәрдемді шақыру 4 санат бойынша жүзеге асатынын айтқым келеді. Әр санатта жедел жәрдемнің жету уақыты белгіленген. Ол науқастың денсаулық жағдайына байланысты қарастырылған», – деді Оразбаев. Оның сөзінше, карантин кезінде 103 нөміріне түсетін қоңырау 4 есеге артқан. Бүгінде желіні жеңілдету үшін бірқатар шара да қарастырылыпты. «Қоңырау 4 есеге көбейгендіктен, 103 желісінде едәуір жүктеме сезіледі. Сондықтан біз 103 пультін көбейттік. Сондай-ақ 705 103 нөмірі бойынша контакт-орталық ұйымдастырылды. Елорда тұрғыны КВИ-ге қатысты сұрақтарға жауап ала алады. Осылайша, біз 103 желісін жеңілдетіп, осы нөмірмен байланысты жақсартамыз», – деді жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы. Айта кетсек, ҚР бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, жедел жәрдем мамандары айына бір рет коронавирустық инфекция бойынша тексерістен өтіп тұрады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)