Сенбі-жексенбідегі шектеулер қаншалықты пайдалы болды – басқарма басшысының жауабы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сенбі-жексенбідегі шектеулер қаншалықты пайдалы болды – басқарма басшысының жауабы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115812749014229.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте демалыс күндері елордадағы қоғамдық орындардың жұмысына шектеу қоюдың қаншалықты тиімді болғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Демалыс күндері қаладағы шектеулердің нәтижесі оңды болады деп үміттенеміз. Дәл қазір ол туралы нақты айта алмаймыз. Оның нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болады», – деді ол. Оның сөзінше, мұндай шектеулер алдағы демалыстарда да болуы мүмкін. Бірақ ол қаладағы эпидахуалға байланысты шаһардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес болады. Сондай-ақ сұрақ-жауап барысында Сәуле Қисықова елордадағы стационарларда төсек-орындардың жеткілікті екенін атап өтті.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)