Елордада алдағы 10-15 күнге жететін ПТР тесті бар – Қисықова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада алдағы 10-15 күнге жететін ПТР тесті бар – Қисықова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115814135293391.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/06/79327c2af991b7cde6409d7dcbcea06b.jpg)
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ПТР зертханалар жүргізетін тест саны жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қала бойынша 8 зертхана жұмыс істейді. Олардың тәуліктік қуаты – күніне 5 мың зерттеу. Күн сайын 4,5-4,7 мың тест өткізіледі. ПТР-зертханалармен жұмыста кейбір проблемалар бар. Зертхананың әрбір жетекшісімен жұмыс жүргізілуде, проблемалар шешіліп жатыр. Жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова. Оның айтуынша, тесттер санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы КВИ асқынуларын пневмониядан анықтау үшін тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті. «Осыған байланысты компьютерлік томографы бар республикалық ведомстволық медициналық ұйымдармен жүргізілген зерттеулерді арттыру мәселелері пысықталуда», - деді Қисықова. Сөз арасында елордадағы тест саны қанша күнге жететінін қозғап өтті. «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жүргізілген тесттер саны бойынша, сондай-ақ қаланың барлық зертханаларында қалған саны бойынша күнделікті мониторинг жүргізеді. Бізде алдағы 10-15 күнге арналған тест бар», - деп атап өтті спикер.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)