Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысты
ашық дереккөз

Бүгіннен бастап «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ онлайн режимінде жұмысқа ауысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. ⠀ Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі, 25) және Жанұяда (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылатын болады. Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін 57-88-88 Call-орталығы арқылы электрондық пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Қызметтерді алу үшін: 1) 57-88-88 нөміріне қоңырау шалу; 2) қажетті қызмет санын таңдау; 3) маманмен байланысу қажет. Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fs: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.