ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті 100 полиция қызметкері қадағалайды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті 100 полиция қызметкері қадағалайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211580631687357.webp)
Тестілеу кезінде 100 полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Түлектердің ата-аналары үйде қалуы тиіс. Олар үшін аудиториялардан онлайн көрсетілім ұйымдастырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Оқытушылар мен түлектер арасында COVID-19 таралуын болдырмау және алдын алу бойынша түсіндіру жүргізілуде. Сыныптарда үстелдер арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Нұсқаулықта жазылғандай, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету (респираторлы бетперделер, қолғаптар, санитайзерлер); термометрияның сақталуы, тексерілетін адам мен қызметкер арасындағы қашықтық кемінде бір метр; университеттердің аудиторияларында санитарлық-дезинфекция режимін сақтау; желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету», – делінген Білім басқармасы таратқан ақпаратта. ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті 100 полиция қызметкері мен 10 арнайы көлік қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 9 медицина қызметкері және үш жедел жәрдем жұмылдырылады. 24 қызметкер өрт қауіпсіздігін қадағалайды, 46 автобус қала шетінде тұратын 540 түлекті тасымалдайды. Білім басқармасы түлектердің ата-аналары балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін топталып жиналмай, үйде отыруы керек екенін тағы да ескертеді. Олар үшін аудиториядан онлайн трансляция ұйымдастырылады. Естеріңізге салсақ, биыл 6 515 астаналық оқушы мектеп бітірді. ҰБТ-ға қатысуға 95 %, яғни 6255 адам өтініш берді. Оның ішінде тестті 3 661-і қазақ, 2 554-і орыс, 40-ы ағылшын тілінде тапсырады. Айта кетсек, ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында елордадағы үш университетте өтеді. Олар: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2 589 оқушы, 13 аудитория), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (1818 оқушы, 7 аудитория) және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (1884 оқушы, 13 аудитория).
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)