Елордалық Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115808943189094.webp)
22 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы онлайн режимге ауысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы COVID-19 короновирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі, 25) және Жанұяда (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылатын болады. Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін 57-88-88 Call-орталығы мен электрондық пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Қызметтерді алу үшін: 1) 57-88-88 нөміріне қоңырау шалу; 2) қажетті қызмет санын таңдау; 3) маманмен байланысу қажет. "Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fs: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады. Азаматтардың 57-88-88 Call-орталық нөмірі арқылы онлайн режимінде хабарласуын сұраймыз", – делінген хабарламада.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)