Елордада 20-21 маусым күндері әуе және теміржол қатынасы тоқтамайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 20-21 маусым күндері әуе және теміржол қатынасы тоқтамайды
ашық дереккөз

20-21 маусымда әуе және теміржол қатынасы өзінің бұрынғы режимінде жұмыс істейтін болады. Демалыс күндері елордада тек қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Сонымен қатар барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адам көп жиналатын орындар жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен қаланың барлық аумағында ауқымды дезинфекция жүргізіледі. 20-21 маусымда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың/дүкендердің қызметі тоқтатылады. Дәріханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының санитарлық нормаларды сақтай отырып, көше форматында (жаздық) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.