Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен 6 адам көз жұмды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен 6 адам көз жұмды
ашық дереккөз

Қазақстанда коронавирус індетінен 9 науқас көз жұмды, оның алтауы елордада тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласы - 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылдары туған әйелдер және 1982 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласы - 1979 жылы туған ер адам, Алматы қаласы - 1969 және 1960 жылдары дүниеге келген ер адамдар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 97 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласы – 21 Алматы қаласы – 15 Шымкент қаласы – 12 Ақмола облысы – 6 Ақтөбе облысы – 1 Атырау облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 1 Жамбыл облысы – 1 Батыс Қазақстан облысы – 6 Қарағанды облысы – 9 Қостанай облысы – 2 Маңғыстау облысы – 2 Павлодар облысы – 13 Түркістан облысы – 5