Елорда күні қарсаңында Арбатта әйгілі хиттер орындалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда күні қарсаңында Арбатта әйгілі хиттер орындалды
ашық дереккөз

Әртістер әлемге әйгілі әуендерді фортепианода орындады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері ерекше флешмоб өткізді. Бүгін Арбатта пианистер әлемдік хиттерді орындады. Арбаттан өткен көрермендердің «Амели», «Список Шиндлера», «Титаник», «Завтрак Тиффани» және басқа да танымал кинофильмдердің музыкасын тыңдау мүмкіндігі болды. Оны Юлия Заечковская (үрмелі оркестр), Айсұлұ Амангелді және Ерболат Абылай (камералық хор), Мирас Дәулет (қазақ оркестрі) және Гүлдана Төлепберген (симфониялық оркестр) ұсынды. Ашық аспан астындағы акция елорданың басты мерекесі қарсаңында қала тұрғындарын серпілту мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар шараның ашық аспан астында өткізілуіне карантинге байланысты көрермендер залында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғаны да себеп болды.