Елордада Red Bus экскурсиялық автобустары жүре бастады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада Red Bus экскурсиялық автобустары жүре бастады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115831541941437.webp)
Елордада Red Bus автобустарымен шолу экскурсиялары қайта жанданды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір айналымнан соң автобус іші кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Red Bus экскурсиялық автобустары өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз! Біз аудиогидімізді жаңартып, қосымша жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауын қостық», – делінген Red Bus хабарламасында. Қауіпсіздік мақсатында әр айналым сайын автобус кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді. Салонда қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бір реттік құлаққаптар беріледі. Барлық жолаушылар экскурсия барысында автобус ішінде маска тағып отыруы керек. «Елорда бойынша қауіпсіз экскурсияға шақырамыз! Сіз қаланың тарихымен танысып, Нұр-Сұлтанның ең көрікті орындарын тамашалайсыз», – дейді компания өкілдері. Red Bus күн сайын, демалыссыз жұмыс жасайды. Жөнелту орны – «Есіл өзенінің жағалауы» аялдамасы, 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10. Біздің аялдамаларымыз: Есіл өзенінің жағалауы; «Хан Шатыр» СОО; «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы; «Нұр-Әлем» музейі; Ұлттық музей; «Бәйтерек» монументі; «Ailand» океанариумы.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)