Ақмешіт көшесі 13 маусымға дейін жартылай жабылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақмешіт көшесі 13 маусымға дейін жартылай жабылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115845343773827.webp)
Ақмешіт көшесі 13 маусымға дейін жартылай жабылады. Көлік жүргізушілеріне кептеліске ұшырамас үшін маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде», - делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында. Осыған орай, 12-13 маусым аралығында бұл учаскедегі көлік қозғалысы толығымен жабылады. «Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)