00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордадағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады

14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады
ашық дереккөз

Бүгін халықаралық рейстермен келген 150 жолаушы «Рамада Плаза» қонақ үйіндегі карантин стационарына оқшаулауға алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 5-нен 6 қазанға қараған түні елордаға шетелден 4 рейс келді. Екі ұшақ Біріккен араб әмірлігінен, қалғаны Түркия Республикасынан. Қалаға барлығы 483 адам шетелден ұшып келді, оның 333-і COVID-19 тестінен өткені туралы куәлікпен келді. Қалған 170 адам анықтамасыз әуежайдан ауруханаға жеткізілді. Онда адамдар ПТР арқылы зертханалық зерттеулерден өтті. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. «Мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Көктемде біз шетелден келетін жолаушыларды карантин стационарларына орналастырып, сараптама жүргіздік. Сондықтан, бұл бағытта елорданың денсаулық сақтау саласы толық дайын. Жалпы, халықаралық рейстер жолаушыларына 800 төсек-орын ұйымдастыруға дайынбыз», – дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қазандағы Жарлығына сәйкес, дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады. COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады, теріс нәтижесі барларға COVID-19 белгілері туралы түсіндірме жүргізіліп, үйге жіберіледі.