ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
29 желтоқсан, 2024
фото: видеодан алынған кадр
Астана іргесіндегі Қосшы қаласындағы тұрғын кешендерінің бірінде электр сымдары тұйықталып, өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт үйдің жертөлесінде орналасқан сұлулық салонының төбе жабынына тарады.
Құтқарушылар шақырту орнына бірінші болып келіп, баспалдақпен 43 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, үйдің жоғарғы қабаттарынан 4 адам, оның ішінде 3 бала автокөлік сатысының көмегімен құтқарылды.
Өрт сөндірілді, ал жану өнімдерімен уланған белгілері бар 4 адам ауруханаға жатқызылды.
Ұқсас жаңалықтар
5 сәуір, 2026
Қарқаралыда автобус аударылып, зардап шеккен 3 адам тікұшақпен эвакуацияланды
5 сәуір, 2026
Түркістан облысында өзенге батып кеткен баланың денесі табылды
4 сәуір, 2026
Жүздеген контрафакт Louis Vuitton сөмкесі тәркіленді
4 сәуір, 2026
Алматыдағы жол апаты жөнінде ІІМ басшысы: Мәртебесіне, лауазымына қарамастан ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды