1414 Бірыңғай байланыс орталығы МИБ-ті қалай құру керектігі туралы кеңес береді
«Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және 1414 Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерін оқыту онлайн-семинарларын өткізді. Оқыту барысында ХҚКО мен Бірыңғай байланыс орталығының 300-ден астам негізгі қызметкерлері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктерін іске асырумен толығырақ танысты. Семинарларда заңнамадағы жаңа өзгерістердің негізгі аспектілері таныстырылды. Графикалық және презентациялық Оқу материалдары ұсынылды. Мүлік иелерінің бірлестіктерін тіркеуге және сол үшін қажетті құжаттар тізіміне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілді.