00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

5 мыңнан астам елордалық кәсіпкер ауқымды экологиялық сенбілікке қатысты

Бүгін, 15:12
Торғын Аман Торғын Аман
5 мыңнан астам елордалық кәсіпкер ауқымды экологиялық сенбілікке қатысты
фото: www.gov.kz

Кәсіпкерлік нысандарының 5 мыңнан астам өкілі 21 қыркүйекте «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында басталған жалпықалалық сенбілікке шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлік нысандардың өкілдері – шағын және орта бизнес субъектілері, кәсіпорындар, сауда орталықтары, №1 Индустриялық парк, салондар, дәмханалар, дүкендер, басқа да жеке компаниялар мен ұйымдар өз нысандарына іргелес аумақтарды тазалады.

«Алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізіп, оған қатысатын боламыз. Жақсы іс жасау қашанда жақсы. Біз өз қаламызды өте жақсы көреміз және оның таза әрі әдемі болғанын қалаймыз», – деп атап өтті елордалық кәсіпкер, «Cominvest Group» зауытының директоры Дәурен Такеев.

Ол сондай-ақ кәсіпкерлерді көршілес аумақтарға да көңіл бөлуге және тазалауға, ал тұрғындарды сыртқа шығып, аулаларында санитарлық жұмыстар жүргізуге шақырды.

«Астананы бірге тазалық пен тәртіптің үлгісіне айналдырайық. Біз бұл қаланы жақсы көреміз және оны абаттандыруға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз. Бүгінгі сенбілікке шыққандардың бәріне алғыс айтамын», – деді «MFA International» кәсіпорнының директоры Нұрәлі Егенов.

Экоакция аясында Астанада қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау және т.б., сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және т.б. өткізіледі.

Тұрғындар елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуда. Қала тұрғындары отбасыларымен және ұжымдарымен бірге қаланы тазалауға шықты.

Экологиялық акция барысында бес ауданда 2 мыңнан астам жасыл желек отырғызылады.