Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115592324479124.webp)
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру барысы қаралды. Денсаулық сақтау министрі А. Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады. Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6%-ды құрайды, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Төсек орындарының жүктемесі 61%-ға, жедел жәрдем шақыру көлемі 62%-ға (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеді. «Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр», — деп А. Мамин, Денсаулық сақтау министрлігіне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)