Гуманитарлық көмек өңірлерге тәулік ішінде жеткізіледі – СК-Фармация

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Гуманитарлық көмек өңірлерге тәулік ішінде жеткізіледі – СК-Фармация
ашық дереккөз

Гуманитарлық жүкті тасымалдауға бір ғана құжат, яғни сертификат қажет. Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Гуманитарлық жүкке қатысты қосымша құлаққағыс ететін болсақ, бүгінде біз тек бір ғана құжат, яғни сертификат сұратамыз. Оны біз онлайн аламыз. Ұшақ ұшып келе жатқан кезде біз осы жүк туралы барлық құжатқа ие болып отырамыз», – деді Есқалиев. Оның айтуынша, гуманитарлық тауарлар ұзақ ұсталмайды, бір тәулік ішінде үлестіріледі. «Біз барлық өңірлерге бір тәулік ішінде мейлінше көп көлікпен жөнелтеміз. Қазіргі уақытта ұзақ бөгелмейді. Осылайша, біз гуманитарлық жүкті ешқандай мәселесіз осындай режиммен тасымалдауға тырысамыз», – деді «СК-Фармация» төрағасы.