Дәрі-дәрмек жеткілікті мөлшерде сатып алынуда – Есқалиев
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дәрі-дәрмек жеткілікті мөлшерде сатып алынуда – Есқалиев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115591939026545.webp)
«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев онлайн брифингте еліміздегі дәрі тапшылығын жою мақсатында жасалып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Маусым айының соңы мен шілде айының басында еліміздің ауруханалары мен стационарларында дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Бұл ретте қысқа мерзім ішінде дәрі тапшылығын жою үшін жедел шаралар қолға алынды. Біріншіден, «СК-Фармацияның» 2,6 млрд теңге қаржысына КВИ жұқтырғандарды емдеуге арналған бір айлық уақытқа жететіндей мөлшерде дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұдан бөлек, 8,7 млрд теңгеге 40 мың науқасты емдеуге арналған қосымша дәрілер жеткілікті мөлшерде сатып алынды. Сонымен қатар вирустың екінші толқынына дайындалу мақсатына 2,4 млрд теңгеге тағы да дәрі-дәрмек сатып алынып, 2 айлық қор құрылды. Бұл кездерде дәрі-дәрмек сақтайтын қоймалар 24 сағаттық жұмыс режиміне көшті. Жоспарлық рейстер саны көбейтілді. Өңірлерге де тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, жұмыс күшейтілді», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)