Жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасының» бесінші кезеңі қашан өтетіні белгілі болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасының» бесінші кезеңі қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөз

Жеңіл атлетикадан Дохада өтетін «Гауһар лигасы» кезеңінің жаңа мерзімі анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. «Гауһар лигасының» бесінші кезеңі Дохада 9 қазанда өтуі тиіс еді. Алайда, ұйымдастырушылар жарыс мерзімін өзгертіп, 25 қыркүйекке белгіледі.  Дохадағы турнирде спортшылар жеңіл атлетиканың 12 түрінен бақ сынайды. Ал жарысқа қатысатын спортшылар саны жақын арада белгілі болмақ. Індет қаупі әлі басылмағандықтан, жарыс күнтізбесіне тағы да өзгерістер енуі мүмкін.