Футболдан Қазақстан құрамасы 21 жасқа дейінгі іріктеу турнирін қыркүйекте бастайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Футболдан Қазақстан құрамасы 21 жасқа дейінгі іріктеу турнирін қыркүйекте бастайды
ашық дереккөз

Қазақстан футбол федерациясы футболдан 21 жасқа дейінгі командалар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ұлттық құраманың жарыс кестесін ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Аталған турнир коронавирус індетіне байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі сәтте Қазақстан командасы алтыншы топта үшінші орында келеді. Отандық футболшылар 3 қыркүйек күні жарысты бастайды. Команда қарсыласы – Черногория құрамасы.